1 Желтоқсан 2025 2025, 12:23
Фото: freepik
Қостанай мектептерінде қашықтан оқу мерзімі ұзартылды
Қостанайдағы 37 мектепте қашықтан оқыту форматы 3 желтоқсанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қостанайдағы 37 мектепте қашықтан оқыту форматы 3 желтоқсанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тиісті шешім күнделікті сырқаттанушылық деңгейіне жүргізілген мониторинг нәтижелері негізінде қабылданған.
Бұл шешім білім беру процесінің барлық қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді. Алдағы өзгерістер туралы қосымша хабарланады, – деп хабарлады қалалық білім басқармасы.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанай қаласының барлық 37 мектебі 25 қарашадан бастап апта соңына дейін толықтай қашықтан оқыту форматына ауысқанын хабарлаған болатынбыз.