Бүгiн 2026, 17:29 Фото: ©BAQ.KZ архиві

Қосшыда 10 жасар бала суға батып кетті

Қосшыда қайғылы жағдай болды.

Ақмола облысының Қосшы қаласында «Нұра-Есіл» арнасына 10 жасар бала суға батып кетті.

Елордалық ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері баланың денесін тауып, судан шығарды.

Су айдыны шомылуға арналмаған, оның аумағында ескерту және тыйым салу белгілері орнатылған.

Кәмелетке толмаған баланың қатысуымен болған тағы бір оқиға Зеренді ауданында тіркелді.

Ақмола облысы ТЖД құтқарушылары ересектердің қарауынсыз қалған, диспансерлік есепте тұрған баланы іздестіру жұмыстарын жүргізді. Бала аман-есен табылды, оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда.

Айта кетейік, бұған дейін балалардың судағы қауіпсіздігіне қатысты ата-аналар нені білуі керек екенін жазған болатынбыз

Тағы оқи отырыңыздар:

Астанада шомылу маусымы басталды: ТЖД тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін ескертті

Тобылдағы қайғылы жағдай: Лисаковскіде жасөспірім қаза тапты

Қарағандыда бір-бірін құтқармақ болған Үндістаннан келген екі студент суға батып кетті