Қорғаныс министрлігінің экс-басшысы 12 жылға сотталды

Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 12 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Zakon.kz деректеріне сүйенсек, Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық әскери сот осындай үкім шығарды. Қорғаныс министрлігін басқарған экс-басшы қауіпсіздігі барынша қатаң бақыланатын қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтейтін болады.

Сот Бектановқа қатысты толық мәлімет ұсынбады. Айтуларынша, бұл қылмыстық іс "құпия" қаралатын істердің бірі.

Еске салсақ, Мұрат Бектанов 2021 жылдың 31 тамызынан бастап 2022 жылдың 19 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің лауазымында болған. 2022 жылғы 19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 452-бабы әрекетсіздік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Оған төтенше жағдай кезінде заңсыз бұйрықтар беріп, әскери стратегиялық нысандарды қорғаусыз қалдырды деген айып тағылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы