Қонаевта сарбаз 4-қабат терезесінен құлап кетті: Десанттық-шабуылдау әскерлері ресми мәлімдеме жасады
Десанттық-шабуылдау әскерлері жарақаттанған сарбазға қатысты ресми мәлімдеме жариялады.
ҚР ҚК Десанттық-шабуылдау әскерлері 4-қабаттан құлаған сарбазға қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2026 жылғы 3 тамызда Қонаев гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметші төртінші қабаттың терезесінен құлап, жарақат алды.
Әскери қызметші дереу медициналық мекемеге жеткізіліп, оған барлық қажетті мамандандырылған медициналық көмек көрсетілуде. Оның жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында, - деп хабарлады ҚК Десанттық-шабуылдау әскерлерінің баспасөз қызметі.
Қолда бар мәліметтерге сәйкес, оқиғаға дейін әскери қызметші әскери қызмет өткеру жағдайына қатысты ешқандай шағым айтпаған. Оқиға қарсаңында оның ата-анасы әскери бөлімге келіп, ұлымен кездескен. Кездесу барысында олардың тарапынан қандай да бір өтініштер немесе шағымдар түспеген.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі қызметтік тексеру тағайындап, арнайы комиссия құрды. Оқиғаға қатысты жағдай ерекше бақылауға алынды, - деп жазылған ресми хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Өскеменде жоғалған сарбаз табылғаны хабарланды.
Тағы оқи отырыңыз:
Ақтөбеде сарбазды ұрған сержант сотталды
Әскерде енді 10 минутта психологиялық портрет жасалатын болды
Қорғаныс министрлігі «Сарбаз күнделігі» жаңа медиажобасын іске қосты