Қоғамдық бақылауды күшейту керек – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде өткен кеңесте айтты.
Мемлекеттік органдар қанша тырысқанымен қоғамның қолдауынсыз жетістікке жете алмайды. Ал азаматтар адалдық идеологиясын дамытулары тиіс. Қазір бұл бағытта көптеген жұмыс атқарылуда, - деді Тоқаев өз сөзінде.
Президенттің айтуынша, академиялық адалдық лигасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер клубтары, адалдық дүңгіршектері және өзін-өзі бақылау сияқты жобалар айында ақпарат кеңінен жариялануы керек.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің барлық бағыты бойынша қоғамдық бақылауды күшейту жөн. Өз кезегінде азаматтық қоғам мемлекеттік органдарға көмектесуге дайын. Сондай-ақ, "Адал Көмек" платформасын құру да жеткілікті болды. Әлеуметтік осал топтардан шыққан 11 мыңнан астам азамат танымал заңгерлердің тегін кеңестерін алды, - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, азаматтармен диалог орнату арқылы сыбайлас жемқорлық белең алып, қоғам наразылығын туғызып жүрген түйткілді салаларды анықтауға болады.
Президент адамдар бұрынғыша жоғары оқу орны, колледж, тіпті, мектептердегі сыбайлас жемқорлықты айтып, шағымданатынын да айтты.
Бұған дейін Тоқаев "Сергек" жол полицейлерін жемқорлықтан түсетін табыстан айырғанын айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Сергек" жол полицейлерін жемқорлық табысынан айырды – Тоқаев
Өзгелердің жаңалығы