Қоғамдық әлеуметтану лабораториясы: Қазақстандықтар «үй» ұғымын қалай түсінеді?

Алматыда «Целинный» заманауи мәдениет орталығында «Дома лучше» қоғамдық әлеуметтану лабораториясының AlmaU урбанистика орталығы және Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қорымен бірлесіп ұйымдастырған қорытынды таныстырылымы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

«Дома лучше» жобасы – Қазақстандағы қала мен ауылдың айырмашылығы мәселесін зерттеуге бағытталған қоғамдық әлеуметтану лабораториясы. Бұл зерттеудің негізгі тақырыбы – Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы тұрғындардың «үй» ұғымын қалай түсінетінін анықтау.  Этнографикалық сұхбаттар нәтижесінде зерттеушілер түрлі әлеуметтану жобаларының тиімдігілін, ауылды дамыту бойынша жүргізілген саясат салдарын, қала мен ауыл арасындағы ұлғайып бара жатқан алшақтықтың себебін бақылай алды, Лаборатория қорытындысы ретінде зерттеудің баяндау бөлігі, фото материалдар мен ауылды дамыту бойынша кеңестер қамтылған policy-paper жарияланды. 

Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қоры Қазақстанның ауылдық аймақтарында жұмыс істегендіктен біз жыл сайынғы көші-қон ағынына куә боламыз. «Дома лучше» қоғамдық әлеуметтану лабораториясы аясында бізді ауыл тұрғындарының ауылда қалуына не түрткі болады, ауыл тұрғындарына қалаға көшсе де «туған ауыл» қаншалықты маңызды, қазір қалада тұрып жатқан ауылдан шыққан азаматтар қандай жағдайда ауылдарға қайта көшуге дайын деген сұрақтар мазалады. 

Лаборатория аясында қазанда open-call  нәтижеінде іріктеп алынған қатысушылар әдістемелік тренингтен өтіп, Алматы, Макинск, Капитоновка пен Вознесенкада ақпарат жинады. Одан кейін қатысушылар жиналған материалды (сұхбат пен суреттер) реттеп, лабораторияда анықталған мәселелерге шешім ұсынатын policy-paper-де концептке сай орналастыру үшін екі ай бойы кездесіп тұрды.   

Дайындалған policy-paper-де ауылда бос уақытты өткізудің маңыздылығы, ауыл тұрғындарының өзара қарым-қатынасын құру қажеттілігі туралы қызық қорытындылар бар. Қорытындылар мен ұсыныстар негізінде болашақта Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қоры жұмыс істейтін ауылдарда түрлі жобалар жүзеге асырылмақ. Бүгінгі таныстырылымда қатысушылар зерттеу нәтижесін көпшілікке ұсынды. 

Жоба кураторлары мен зерттеушілер: 

  • Дмитрий Рогозин – әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, РХШжМҚА Федеративті зерттеу әдістемесі орталығының директоры;
  • Ксения Маниульская – әлеуметтану ғылымдарының кандидаты;
  • Анель Молдахметова – AlmaU урбанистика орталығының директоры;
  • Александр Вилейкис – «Целинный» заманауи мәдениет орталығының білім беру жобасының директоры, профессоры;
  • Айнұр Жұбанова – AlmaU урбанистика орталығы директорының орынбасары;
  • Лика Ларионова – жоба үйлестірушісі; Фатима Герфанова – жоба кураторы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы