ҚМА Ақтөбе облысындағы қаржы пирамидасын анықтады

Азаматтарды кіріс алу үшін компанияға тіркелуге шақырған екі азаматқа қатысты «Sincere Systems» (S-Group) қаржылық (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару ісін ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті тергеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұйымдастырушылардың тұрғылықты жерінде тінту жүргізіліп, кеңсе техникасы (ноутбуктар, ұялы телефондар, процессорлар), компанияның заңсыз қызметіне қатысты құжаттар, келісім-шарттар, жарнамалық құралдар, презентациялар тәркіленді.

Тергеу амалдары жүргізілуде. ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Нұркен Алишев
Өзгелердің жаңалығы