ҚМА: Ақмәди Сарбасов ісінде тағы екі шенеунік күдікке ілінді
Қаржы мониторингі агенттігі бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау вице-миниистрі Сарбасов ісіне қатысты тың мәліметті жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қаржы мониторингі агенттігі бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау вице-миниистрі Сарбасов ісіне қатысты тың мәліметті жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді.
Айтуынша, бұрынғы вице-министр ісіне тағы бір шенеунік пен белгілі банк басшысының қатысы бар.
Оның (Ақмәди Сарбасовтың – ред.) істегі қазіргі мәртебесі – күдікті. Қазіргі уақытта пара алу дерегіне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Ол қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасымен қамтылған. Сондай-ақ іс бойынша онымен бірге екі фигурант бар. Олар: бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Дәулет Арғындықов пен Forte Bank акционерлік қоғамы төрағасының экс-орынбасары Руслан Омаров, - деп атап өтті ҚМА басшысының орынбасары Жеңіс Елемесов Сенаттың кулуарында берген сұхбатында.
Еске салайық, бұған дейін бұрынғы Еңбек вице-министрі, кейін Еңбек ресурстарын дамыту орталығының басшысы болған Ақмәди Сарбасовтың қамауға алынғанған еді.
- Арқалықта 35 білім беру қызметкеріне тиісті төлемдер берілмегені анықталды 13:40
- Автосалон директоры клиенттерді 128 млн теңгеге алдады 13:22
- Мейрамханадағы ескертуден кейін: Өскеменде полиция қызметкері жанжалдан қаза тапты 13:04
- Қазақстан мен Оман мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді 13:00
- ЖИ қазақстандық шенеуніктерді алмастыра ма? 12:47
- Алматыда аутизм диагнозы қойылған 1500-ден астам бала есепте тұр 12:29
- Қазақстан төртінші тоқсанда сыртқы қарызын өтеуге 10,5 млрд доллар жұмсауы мүмкін 12:26