QazVac вакцинасы ДДСҰ-ның тіркеуінен қашан өтетіні белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, отандық вакцинаны мойындау рәсіміне біраз уақыт қажет.

Мойындау рәсімі өте ұзақ уақытты талап етеді. ДДСҰ бұрын мақұлдаған вакциналар болған жерде жылдам мойындайды. Еліміз бойынша біз ол жерде алғаш рет аккредиттеуден өтіп отырмыз. Зертхананы аккредиттеу, өндірістік база, құжаттама, халықаралық басылымдарда жариялану сынды көптеген дүниеге мән беріледі. Яғни қазір біз осының бәрін жинақтау үстіндеміз. Қазақстан аккредиттеуден өту үшін барлық тиісті құжаттаманы дайындап жатыр, - деп атап өтті Алексей Цой.

Сондай-ақ ведомство басшысы отандық QazVac вакцинасы тиімді әрі қауіпсіз деп отыр.

20-дан астам мемлекетпен өзара вакцинация паспортын мойындау туралы келісім бар. Бұл вакцинаның әсері мен Ұлттық реттеушінің қорытындысын мойындады деген сөз. Біз қазір отандық әзірлеуші институтпен бірігіп жасап жатқан белгілі талаптар бар, - деді Денсаулық сақтау министрі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Pfizer вакцинасын ақылы түрде салдыруға қатысты пікір білдірген еді.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы