Бүгiн 2026, 19:20 Фото: ©BAQ.KZ коллажы

«ҚазТрансОйл» мұнай тасымалдау тарифтерін көтереді

«ҚазТрансОйл» АҚ мұнайды экспорттық нарыққа тасымалдау қызметтерінің бірқатар тарифтері көтерілетінін хабарлады. Жаңа бағалар 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

«ҚазТрансОйл» магистральдық мұнай құбырлары арқылы мұнай тасымалдау бойынша кейбір реттелетін қызметтердің тарифтері өзгергенін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ ақпарат агенттігі kase.kz -ке сілтеме жасап.

Жаңа тарифтер 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

Қандай тарифтер өзгереді?

Компания бас директорының 2026 жылғы 22 мамырдағы бұйрығына сәйкес, бірқатар экспорттық қызметтердің тарифтері өзгереді.

Т. Қасымов атындағы мұнай айдау стансасында мұнайды теміржол цистерналарына құю құны ҚҚС-сыз бір тоннасына 1 292,51 теңгені құрайды. Тариф 6,5%-ға өседі.

Мұнайды жылыта отырып, Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жүйесіне аударып құю тарифі де өсіп, ҚҚС-сыз тоннасына 500,10 теңгеге жетеді. Өсім 56,2%-ды құрамақ.

Сонымен қатар, қазақстандық мұнайды басқа мемлекеттердің құбыр жүйелері арқылы тасымалдауды ұйымдастыру тарифі өзгереді. Ол ҚҚС-сыз тоннасына 120,34 теңгені құрайды, бұл қазіргі деңгейден 42,5%-ға жоғары.

Тарифтерді қайта қарауға не себеп болды?

Компания аталған қызметтердің тарифтері 2023 жылдан бері қайта қаралмағанын атап өтті.

«ҚазТрансОйл» өкілдері бұл өзгерістер мұнайды экспорттық нарыққа тасымалдау бойынша реттелетін қызметтерге қатысты екенін нақтылады.

Компания туралы не белгілі?

«ҚазТрансОйл» - магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор және ол «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобына кіреді.

Компания ұзындығы 5,2 мың шақырымнан асатын магистральдық мұнай құбырлары желісін басқарады, сондай-ақ жалпы ұзындығы 5 мың шақырымнан асатын бөгде ұйымдардың құбырларына қызмет көрсету бойынша операторлық қызметтер ұсынады.

Еске салайық, бұған дейін әлемдік мұнай бағасы төмендегені хабарланды

Тағы оқи отырыңыздар: