Қазіргі таңда елімізде 6 мыңға жуық адвокат бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әділет министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында вице-министр Азамат Әмірғалиев хабарлады. Сондай-ақ ол тіркеу және заң қызметтеріне тоқталды.

Адвокаттар саны 5700-ді құрайды. Кепілдендірілген заң көмегін 122 мың азамат алды. Сол мақсатта 1 млрд 866 млн теңге бөлінді. Ал тегін заң көмегіне 11 мыңнан астам әлеуметтік осал топ өкілдері қол жеткізді, - деп атап өтті вице-министр.

Сонымен қатар ол нотариустардың қызметін тілге тиек етті.

Нотариус жұмысының эксаумақтығы енгізілді. Нотариалды куәландырылған қағаз жеткізгіштегі және электрондық құжаттың бірдейлігі заңдастырылды. Атқарушылық жазбаға шағым түсіру рәсімі жеңілдетілді, - деді Азамат Әмірғалиев. 

Еске сала кетейік, бұған дейін ведомство басшысы сот орындаушыларына түскен құжат сомасы 9 трлн теңгеден асып кеткенін айтқан болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы