Qazcontent ұжымы БАҚ қызметкерлері күнін атап өтті
28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне журналистерге арналған тимбилдинг ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ойын-сауық, танымдық іс-шара мақсаты – ақпарат таратуда республикалық сайттарда алдыңғы қатарда жүрген журналистер арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Сонымен қатар ұжымдық ауызбіршілік пен еңбек өнімділігін арттыруға сеп болу.
Атаулы датаға сәйкес орайласқан шарада ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі құттықтау сөзін айтып, журналистерге ақпарат айдынында жемісті еңбек тіледі.
Сонымен қатар осы күні бірқатар журналистер марапатталды.
Атап айтсақ, Президенттің Алғыс хатымен BAQ.KZ ақпараттық сайтының аға тілшісі Гүлжан Раманқұлова; Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың Алғыс хатымен EL.KZ сайты бас редакторының орынбасары Рүстем Омаров пен BAQ.KZ редакторы Самал Алманова, Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хатымен BAQ.KZ тілшісі Мақпал Жұмашева мен мультимедия бөлімінің жетекшісі Нұртай Башенов; Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Алғыс хатымен Жансая Қамбар, Әділет министрлігінің Алғыс хатымен Құқықтық және кадрлық өамтамасыз ету басқармасының басшысы Әсия Инертбаева, Бухгалтерлік және салықтық есепке алу басқармасының басшысы Тоғжан Қажахметова Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Құрмет грамотасымен, ал Қазақстан тарихы порталының бас редаткоры Алтынбек Құлмырзақ Алғыс хатымен марапатталды.
«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен baigenews.kz сайтының бас редакторы Гүлмира Біләлова марапатталды.
Бұдан өзге Qazcontent акционерлік қоғамының төрағасының Алғыс хаты мен сыйлықтары бірқатар қызметкерлерге табысталды.
Айта кетейік, бұған дейін «Qazcontent» АҚ қызметкерлеріне пәтер сертификаттары берілді деп хабарлаған болатынбыз.
«Qazcontent» АҚ – мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыратын медиа компания. Бүгінгі таңда компания алты ақпараттық ресурстарды біріктіреді. Бұл жаңалықтар сайттары – baigenews.kz, baq.kz және el.kz, тақырыптық порталдар – adebiportal.kz және e-history.kz, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми сайты.
Компания ресурстары үш тілде қол жетімді: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде.