«Qazcontent» АҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды

«Qazcontent» АҚ-да еңбек етіп жүрген үш қызметкерге пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еске сала кетсек, БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында «Qazcontent» АҚ қызметкерлеріне пәтер сертификаттары берілген болатын.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асқан игі іс «Дара» президенттік бастамалар қорының және «Халық» қайырымдылық қорының демеушілігімен жүзеге асқан еді. BAQ.KZ ақпарат агенттігінің бас редакторы Мөлдір Бекбергеноваға 2 бөлмелі, Бауыржан Жуасбаевқа 1 бөлмелі пәтер, дизайнер Яна Смоляроваға 1 бөлмелі пәтер сертификаттары берілді.

BAQ.KZ ақпарат агенттігінің бас редакторы Мөлдір Бекбергенова құжат пен кілтті берсе де, сене алмай жатқанын айтады.

Қазіргі таңда үйді көруге бара жатырмыз. БАҚ күні қарсаңында ұзақ жылғы еңбегімізді бағалап, осынша құрмет көрсеткеніне алғысым шексіз. Үйлі болған азаматтардың бәрінің еңбегі бар, лайық жандар. Бүгін қуаныштың кілті берілген күн, - деді Мөлдір Бекбергенова.

Тағы бір пәтер иесі «Qazcontent» дизайнері Яна Смолярова өз әсерімен бөлісті.

Әрине, бірден үйге барғым келеді. Бірақ қазір жұмыс істеп отырмын. Ойымның бәрі пәтерде, үйге өз аяғыммен барып кіруге асықпын, - деді ол.

Сондай-ақ «Qazcontent» АҚ Мәжілістің «Парламент сөзі» жүлдесін иемденді. Онымен қоса Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында қазконтенттіктер қан тапсырған болатын. Астананың 25 жылдық мерейтойына ұйымдастырылған сайыста Qazcontent қызметкері үздік мобилограф атанған еді. 

Айта кеткен жөн, «Qazcontent» АҚ – мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыратын медиа компания. Бүгінгі таңда компания алты ақпараттық ресурстарды біріктіреді. Бұл жаңалықтар сайттары – baigenews.kz, baq.kz және el.kz, тақырыптық порталдар – adebiportal.kz және e-history.kz, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің ресми сайты.

Компания ресурстары үш тілде қол жетімді: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы