Қазақстанның Қытаймен визасыз режимі қашан күшіне енеді?

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, алдымен елдің ішіндегі барлық рәсім аяқталуы тиіс, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Менің ойымша, бұл процесс 2-3 айға созылады. Алдымен Қазақстан мен Қытай өз мемлекеті ішіндегі рәсімдерді аяқтап, құжаттарды қабылдауды қажет. Осылайша екі тарап бір-бірін хабардар еткеннен кейін келісім күшіне енеді. Бұл екі тараптың мемлекеттік органдарының шапшаңдығына байланысты. Қазақстан тарапы бұл істің барынша жылдам аяқталуына күш салады, - деді Смадияров.

Айта кетейік, бұған дейін екі ел президенті Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режимге қол қойған еді.

Қазақстан мен Қытай мемлекеттері басшыларының қатысуымен 18 құжатқа қол қойылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
Өзгелердің жаңалығы