14 Шілде 2026, 13:24
Фото: ©BAQ.KZ коллажы
Жасанды жаңбыр жауғызу қай өңірде іске асты?
Вице-министрдің айтуынша, жасанды жаңбыр технологиясы әзірге тек Түркістан облысында ғана қолданылған.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Үкіметтегі брифингте жасанды жаңбыр технологиясын қолдануға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Журналистер аптап ыстықтың салдарын азайту үшін мұндай технология нақты қай өңірлерде пайдаланылғанын сұрады.
Біздегі мәліметке сәйкес, мұндай тәжірибе тек Түркістан облысында ғана жүргізілді, – деді Азат Сұлтанов.
Айтуынша, министрлік аталған тәжірибеге әлі қатыспаған.
Оның нәтижесі туралы бастамашылардың өзінен сұрағандарыңыз дұрыс шығар. Өкінішке қарай, Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл тәжірибеге қатысқан жоқ, – деп түсіндірді вице-министр.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан жасанды жаңбыр жауғыза бастағаны белгілі болды.
- Олимпиада-2028 ойындарына БАҚ өкілдерін аккредиттеуге өтінім қабылдау басталды 00:22
- 29 перзентханада санитарлық режим бұзылған – Денсаулық сақтау министрлігі 09.09.2026
- Артық жүк жолды тоздырып жатыр: «ҚазАвтоЖол» 870 мың заң бұзушылықты тіркеді 09.09.2026
- Астанаға ағылған халық: 6 айда елордаға 32 мың адам көшіп келген 09.09.2026
- Қазақстан мен Әзербайжан пароммен жолаушылар тасымалын қайта бастайды 09.09.2026
- Алматы облысында 18,1 млрд теңгелік жылыжай кешені бой көтеріп жатыр 09.09.2026
- Жаңбыр мен аптап ыстық: 10 қыркүйекте бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды 09.09.2026