Қазақстанның Оқу-ағарту министрі Ирандағы оқушы қыздардың қазасына қатысты пікір білдірді
Министр бұл оқиғаны бүкіл адамзат үшін орны толмас қайғы деп атап өтті.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Иранда мектепке жасалған зымыран соққысы салдарынан оқушы қыздардың қаза табуы туралы ақпаратқа байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Министр бұл оқиғаны бүкіл адамзат үшін орны толмас қайғы деп атап өтті.
Иранда болған қайғылы оқиға – 160 оқушы қыздың қаза тапқаны туралы суық хабар мені терең күйзеліске түсірді, – деп жазды ол.
Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, бейбіт өмірде білім алып, болашаққа қадам басуы тиіс балалардың қаза табуы – аса ауыр қасірет.
Балалардың бейбіт уақытта қаза табуы – бүкіл адамзат үшін орны толмас қайғы, – деп атап өтті министр.
Сондай-ақ ол кәмелетке толмағандардың қақтығыстар мен саяси текетірестердің құрбаны болмауы тиіс екенін айтты.
Балалар ешқашан қандай да бір қақтығыстардың, қақтығыс пен саяси қарсыластықтың құрбаны болмауы керек, – деді ол.
Министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық дағдарыстарды бейбіт, дипломатиялық жолмен шешу жөніндегі ұстанымын да еске салды.
Мемлекет басшысы халықаралық мәселелерді әрдайым бейбіт, дипломатиялық жолмен шешу қажеттігін атап көрсетіп келеді, – делінген жазбада.
Құттықтау емес, үндеу сипатындағы мәлімдемесінің соңында Жұлдыз Сүлейменова қаза тапқан балалардың ата-аналары мен жақындарына көңіл айтты.
Қаза тапқан ирандық балалардың ата-аналары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын, – деп жазды министр.
Еске салсақ, БҰҰ жанындағы Иран Ислам Республикасының Тұрақты өкілі Амир Саид Иравани мәлімдегендей, АҚШ пен Израиль әскери операциясы нәтижесінде Хормозган провинциясының Минаб қаласындағы мектепке соққы беріліп, 100-ден астам бала қаза тапқан.