Бүгiн 2026, 13:24 Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Қазақстанның халықаралық резервтері бір айда 6 млрд долларға азайған

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов халықаралық резервтердің көлемі неліктен өзгеріп жатқанын түсіндірді.

Қазақстанның халықаралық резервтері бір ай ішінде шамамен 6 млрд долларға қысқарған. Оның себебін брифингте Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, резервтердің азаюына негізгі себеп – алтын бағасының құбылмалылығы.

Қазіргі таңда Ұлттық банктің алтын-валюта резервтерінің шамамен 80%-ы алтыннан тұрады. Ал алтын бағасы соңғы уақытта құбылып отыр. Осыған байланысты халықаралық резервтердің көлемі өзгеріп жатыр, - деді ол.

Белгілі болғандай, бүгін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде сақтап қалды. 

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстанда инфляция төмендеп келе жатқанын мәлімдеді. Алайда тәуекелдер әлі сақталып отыр.