Қазақстанға санкция салына ма? СІМ жауап берді

Былтырдан бастап Қазақстан Ресейге әскери мақсаттағы тауарларды жеткізуді толық тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров мәлімдеді.

Сондай-ақ БАҚ өкілдері АҚШ Қырғызстанға санкция салғалы жатқанын айтып, біздің ел де осындай мәселеге тап болмай ма деп сұрады.

Былтырдан бастап Ресейге әскери мақсаттағы тауарларды жеткізуді толық тоқтаттық. Сонымен қатар, электронды шот-фактуралар арқылы санкция салынған барлық тауарларға мониторинг жасалады. Бір күндік компаниялар анықталып жатыр. Қызмет көрсету бойынша ешқандай тарихы жоқ, бір күннің ішінде құрылған тауар жеткізушілерге жол бермес үшін тексеріс жүргізіледі. Сондықтан, Қазақстанға қатысты санкция салынады деген қауіп көріп отырған жоқпыз. Еліміз жанама санцияларды болдырмау үшін шаралар қабылдап отыр, - деді Алмас Айдаров.

Оның айтуынша, Ресейге салынған санкциялар екі ел арасындағы дәстүрлі сауда-саттыққа әсер ететін болса, онда оның зардабы ауыр болуы мүмкін екенін де айтты.

Біз үшін санкция салынуы ықтимал елдер қатарына түскеніміздің өзі қауіп. Қазақстанның мұндай мемлекеттер қатарына қосылмағаны маңызды. Ресейге қатысты санкциялардың барлығы қолданылды. Енді ол жанама санкцияларға ұласуы мүмкін. Ал, Қазақстанның Ресеймен арадағы тауар айналымы жыл сайын 25 млрд долларға жетіп отыр. Егер қазір біздің дәстрүрлі сауда-саттығымызға санкция әсер етсе, онда оның Қазақстан мен Ресейге тигізетін салдары ауыр болады. Сондықтан, біздің жұмыстардың барлығы санкцияға түспеуге бағытталады, - деді спикер.

Айта кетейік, Қазақстан 28 млрд доллар инвестиция тартып, рекордтық көрсеткішке ие болған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы