Қазақстанға Ресейден әкелінген күнбағыс тұқымдарынан қауіпті ауру табылды
Күнбағыс тұқымдарының залалданған партиясын әкелу әрекетінің жолы кесілді.
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстанға Ресейден келген күнбағыс тұқымдарынан қауіпті ауру табылғанын мәлімдеді.
Ақмола облысы Ақкөл ауданының аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау және карантин жөніндегі мемлекеттік инспекторы карантиндік өнімнің залалданған күйде әкеліну фактісін анықтаған.
Тексеру барысында Ресей Федерациясынан (Краснодар өлкесі, Краснодар қаласы) аудан аумағына 0,019 тонна көлемінде күнбағыс тұқымдары әкелінгені және олардың карантиндік объект — күнбағыс фомопсисімен залалданғаны анықталды. Аталған карантиндік өнімнің иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалды. Материалдар одан әрі қарау үшін сотқа жолданды, - деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті.
Еске салайық, бұған дейін Бельгиядан әкелінген 19 тонна алмұрт кері қайтарылған еді.
Тағы оқи отырыңыздар:
Қарағандыда қызанақ тұқымынан қауіпті вирус табылды
"Қауіпті роза": Қазақстанда Эквадордан әкелінген гүлдерден зиянкестер табылды
Астанада Кореядан әкелінген қауіпті қызанақ тұқымы анықталды