Бүгiн 2026, 12:49 Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Қазақстандықтарға қарыз аз беріле бастады: Кім несие ала алмайды?

Агенттіктің ақпаратынша, тұтынушылық несие беру қарқыны төмендеген.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Мәжілістегі брифингте азаматтарымызға несие беру көрсеткіші төмендегенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Несие алушыларға талаптың күшеюінен кейін қазақстандықтар саналы түрде несие ала бастады ма? – деп сұрады БАҚ өкілдерінің бірі агенттік басшысынан.

Әбілқасымова заңның әсері болғанын айтты.

Несие берудің қарқыны айтарлықтай төмендеді. Бұрын тұтынушылық несиелерді беру көрсеткіші жыл сайын 30 пайыздан асатын. Қазіргі уақытта ол 6-7 пайыздан аспайды. 2025 жылы сол деңгейде қалды, - деді ол.

Сөзінше, жыл басынан бері осы үрдіс жалғасып отыр. 

Тұтынушылық несиелерді берудің саны азайды. Оның негізгі себебі – сапалы шешім қабылдау. Мысалы, сізде несие бойынша микроқаржы ұйымдарында төлем мерзімі бір күннен астам өтіп кетсе немесе банктерде 30 күннен асса, сол кезде несие берілмейді. Қарыз алушылардың бірнеше санаты енгізілді. Жоғары тәуекелдері бар қарыз алушылардың санатын енгіздік. Оларға да кредит берілмейді, – деді Мәдина Әбілқасымова.

Бұған дейін 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгеретінін жаздық. Соған байланысты несие алу да қиындай түседі.

Тағы оқи отырыңыздар:

Несие пайызын төмендету қызметі үшін қолма-қол ақша алған "көмекші" ұсталды