Алматы мен Астанада қазақстандықтардың жеке деректерін сатқандар ұсталды
Күдіктілер жеке ақпаратты заңсыз жинап, интернет арқылы сатып отырған.
Астана мен Алматыда қазақстандықтардың жеке мәліметтерін интернет арқылы заңсыз сатқандар ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық қауіпсіздік қызметіне сілтеме жасап.
Сатып алушылар қатарында қаржы ұйымдарының өкілдері болған.
Тергеу мәліметінше, топ мүшелері жеке ақпаратты заңсыз жолмен жинап, оны интернет арқылы сатып отырған. Сатып алушылар ретінде микроқаржы ұйымдары мен коллекторлық компаниялардың өкілдері, сондай-ақ жеке тұлғалар тіркелген.
Тінту кезінде күдіктілерден компьютерлер, электронды тасымалдағыштар және ірі көлемде ақша тәркіленген.
Аталған дерек бойынша тергеу бірден Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша қозғалды: жеке өмірге қол сұғу және жеке деректер туралы заңды бұзу, ақпаратты заңсыз иелену, сондай-ақ зиянды бағдарламалар жасау және тарату.
Істің өзге мәліметтері тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.
Тағы оқи отырыңыздар: ІІМ ескертеді: Halyk+ жалған платформасы арқылы жаңа алаяқтық түрі таралуда
Адамдар тұрған үйді ақша үшін өртемек болған: Астаналық жігіт сотталып кетті