Қазақстандықтардың көбі неге аз жалақы алады – министрлер түсіндірді

Қазақстандықтардың жалақысы неге аз? Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров пен Қаржы министрі Мәди Тәкиев аталған сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өндірістің табысы артқан сайын кәсіпорындар жұмысшылардың жалақыларын көбейтуге тырысады. Мемлекеттік қолдау шараларын көрсеткен кезде әрқашан қоятын талабымыз – мемлекеттен қолдау алатын кәсіпорындар өзінің жұмысшыларына жалақыны көбейтуді талап етеміз. Ал егер бюджет саласына келер болсақ, соңғы жылдары бюджет тарапынан мемлекеттік қызметшілерге, азаматтық қызметшілерге жалақыны көбейту жұмыстары әлі жүргізіліп келеді. Бұл жұмыс жалғасады. Сондықтан бюджеттің мүмкіндігінше бұл жұмысты әрі қарай жүргіземіз. Халықтың әл-ауқатын көтеру – басты міндет, – дейді Байбазаров Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Журналист министрден "Қазақстандықтардың жалақысы қашан өседі?" деп сұрады.

Мен бұл жұмыс жүргізіліп жатқанын айттым. Біздің жоспарымыз бойынша 2025 жылдың соңына қарай 600 мың азаматтық қызметкерге жалақы көтеру жоспары бар. Қандай қызметкер екенін бюджеттің мүмкіндігіне қарай анықтаймыз, - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ Қаржы министрі Мәди Такиев елімізде 150-300 мың теңгеге дейін жалақы алатын адамдардың үлесі 35 пайыз, Ал 300-600 мың теңгеге дейін алатындар 36 пайыз екенін атап өтті.

Екі-үш жылда азаматтық қызметкерлерге, мұғалімдер мен дәрігерлерге жалақы екі есе көбейді. Тағы көбейеді деп сенеміз. Ең төменгі жалақы 85 мың теңге болды. Әлеуметтік саладағы министрлік қарап жатыр. Көтерілетін шығар. Жалпы жалақыны көтереміз, – деді Тәкиев.

Еске салсақ, бұған дейін Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров 9 айда Қазақстан экономикасы қанша пайызға өскенін айтқан болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов архив
Өзгелердің жаңалығы