Қазақстандықтар сәуір айында неше күн демалады?
Қазақстандықтар сәуір айында неше күн демалатынын белгілі болды.
Сәуір айында бес күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтін қазақстандықтар 8 күн демалады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2026 жылдың сәуірінде қазақстандықтар қанша күн демалады?
Биыл сәуір айы «ұзақ демалыссыз» өтеді. Бұл айда ешқандай мемлекеттік мереке болмағандықтан, қазақстандықтар тек сенбі және жексенбі күндері демалады.
Демалыс күндерінің саны жұмыс кестесіне байланысты болады:
-
Бес күндік жұмыс аптасы үшін: 8 демалыс күні және 22 жұмыс күні;
-
Алты күндік жұмыс аптасы үшін: 4 демалыс күні және 26 жұмыс күні.
Қазақстандықтар сәуір айында қандай мерекелерді атап өтеді?
Сәуір айында қазақстандықтар бірқатар кәсіби, мерекелік және халықаралық даталарды атап өтеді:
-
5 сәуір - Қазақстанның көші-қон қызметі күні;
-
7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні және Мемлекеттік қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің күні;
-
Сәуірдің бірінші жексенбісі (5 сәуір) - Геологтар күні;
-
12 сәуір - Авиация және ғарышкерлік күні, сондай-ақ Ғылым қызметкерлері күні;
-
15 сәуір - Қазақстандағы Ғашықтар күні («Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» күні);
-
16 сәуір - Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің күні;
-
21 сәуір - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күні;
-
22 сәуір - Халықаралық Жер күні;
-
23 сәуір - Ұлттық кітап күні.
Еске салайық, бұған дейін 1 маусым Қазақстанда демалыс күні бола ма деген сұраққа Еңбек министрі жауап берді.
Сондай-ақ, биыл 30 тамызда қазақстандықтар демала ма деген сұрақтың жауабы белгілі болды.