Қазақстандық велошабандоз Үндістанда қола жүлдегер атанды
Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан велотректен ересектер арасындағы 43-ші Азия чемпионатының шешуші жарыс күні Кирилл Курдиди үздік үштікті түйіндеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мәлімдеді.
Ол Олимпиада бағдарламасына кірмейтін классикалық гит жарысында қола жүлдегер атанды, - делінген ақпаратта.
Қазір Қазақстан құрамасында 1 күміс, 5 қола медаль бар. Биыл сары құрлық додасына 23 мемлекеттен 230 велошабандоз жиналды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан XI Азия чемпионатының алғашқы күні спортшыларымыз 11 медальді иеленген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Петропавлда алапат өрт болды
Өзгелердің жаңалығы