Қазақстандық оқушылардың 64%-ы сауатсыз ба? - Министр жауап берді
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Қазақстанның мемлекеттік мектептеріндегі балалардың 64,2 пайызы – функционалдық сауатсыз» деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдері Дүниежүзілік банк сарапшыларының сұрағын нақтылай келе, министрден елдегі білім сапасы қандай дәрежеде екенін сұрады.
Бұл көрсеткішпен толықтай келіспеймін. Біріншіден, Дүниежүзілік банк сарапшыларының мәлімдемесі ескірген 2018 жылдан бері келе жатқан ақпарат. Оған дейін қаншама уақыт өтті, реформалар жасалды. Сондықтан бұл ақпарат (оқушылардың дәрежесі) шындыққа жанаспайтынын айтқым келеді, - деді Ғани Бейсембаев.
Еске сала кетсек, бұған дейін Оқу-ағарту министрі еліміздегі мектептерде қанша бала орамал таққаны үшін білім ордасына бара алмай жүргенін айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Президент: Еңбек адамдары халқымыз үшін ең қажет азаматтар
Келесі жаңалық
Бірнеше өңірлерде дауылды ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы