Қазақстандық мерген Азия біріншілігінің чемпионы атанды
Бүгін Джакартада өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының мүшесі Никита Чирюкин алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Ұлттық құрама мергені жылдам оқ ататын тапаншамен 25 метрден нысана көздеуде ешкімге дес бермей чемпион атанды. Никита финалда 32 ұпай жинады.
Ал осы сында екінші орынға Үндістан (28) спортшысы қол жеткізсе, үздік үштікті Оңтүстік Корея (23) спортшысы түйіндеді.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Чирюкин іріктеуде 584 ұпаймен 1-орын алып, Париж Олимпиадасының лицензиясына қол жеткізгенін жазған болатынбыз.
Индонезия астанасындағы Азия чемпионаты 18 қаңтарда аяқталады. Қазір Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс медальмен жалпы есепте 4-орынға көтерілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан Жапонияға тауарлар экспортын кеңейтуге мүдделі
Өзгелердің жаңалығы