Қазақстандағы ең жоғары жалақы алатын өңірлер белгілі болды
Ең жоғары жалақы қай өңірлерде екенін білесіз бе?
Қазақстанның қай өңірлерінде тұрғындардың ең жоғары жалақы алатыны белгілі болды. Сондай-ақ ең көп еңбекақы төлейтін қызмет салалары да аталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық статистика бюросы биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы облыстар арасындағы орташа айлық жалақы бойынша деректерді ұсынды. Ең жоғары жалақы келесі өңірлерде тіркелген:
-
Ұлытау облысы - 637 324 теңге;
-
Атырау облысы - 610 111 теңге;
-
Маңғыстау облысы - 608 415 теңге;
-
Астана - 559 894 теңге;
-
Алматы - 551 597 теңге.
Ең төменгі орташа жалақы мына өңірлерде байқалады:
-
СҚО - 308 334 теңге;
-
Жамбыл облысы - 319 820 теңге;
-
Түркістан облысы - 324 972 теңге;
-
Шымкент - 328 608 теңге.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірінші тоқсанда жалақы ең көп өскен өңірлер - Абай облысы (104,7%) және Алматы қаласы (104,9%).
Ең жоғары жалақы қаржы және сақтандыру қызметі саласында екені белгілі болды - 941 411 теңге. Сондай-ақ жоғары ақы төленетін салалардың қатарына мыналар кіреді:
-
тау-кен өндіру өнеркәсібі - 1 020 632 теңге;
-
ақпарат және байланыс - 779 288 теңге;
-
өнеркәсіп - 620 775 теңге;
-
көлік және қоймалау - 599 489 теңге.
Бюроның мәліметінше, бірінші тоқсанда Қазақстандағы жұмыскерлердің орташа айлық номиналды жалақысы 445 068 теңгені құрады.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтардың табысы бір жыл ішінде алғаш рет өскенң хабарланды.
- Ақтөбеде анасын өлтірді деп айыпталған жасөспірім қылмыстық жауапкершіліктен босатылды 22:54
- Отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына салықтық жеңілдіктер ұсынылмақ 22:23
- Қосшыда жаңа мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі салынып жатыр 21:50
- «8 минуттық оқу»: Елорда мектептерінде жаңа жоба басталды 21:19
- Шошқа бүйрегі адамға 271 күн қызмет етті: Трансплантация тарихындағы ерекше жағдай 20:57
- Өзбекстанда 2026 жылдың басынан бері такси нарығы қалай өзгерді? 20:40
- Алматыда тау бөктерінде әл-Фараби даңғылы маңында өрт шықты 20:20