Бүгiн 2026, 14:02
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Ақша айырбастау орындарында доллар арзандады
Айырбастау пунктерінде доллар бағамы күрт төмендеді.
Қазақстанның айырбастау пунктерінде доллар бағамы төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Астананың айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 485 теңгеден сатылып, 478-479 теңгеден сатып алынуда.
Алматыда америкалық валютаны сату бағасы 480-481 теңгені құраса, сатып алу орташа есеппен 478 теңгеден жүзеге асырылып жатыр.
Айта кетейік, 16 наурызда Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 4,49 теңгеге төмендеп, 486,2 теңгені құраған болатын