Қазақстанда жасанды интеллектімен басқарылатын қандай стартаптар жұмыс істей бастады?
Халықаралық компаниялар Қазақстан нарығына жаңа өнімдерін ұсынғысы келіп отыр.
Алматыда әлемдегі ең ауқымды технологиялық және стартап іс-шараларының бірі GITEX AI өтіп жатыр. Astana Hub қатысушыларды қолдау кеңсесінің директоры Нұрмахан Закарин көрмеге қатысты пікір білдіріп, Қазақстанда ЖИ-мен байланысты қандай стартаптар жұмыс істей бастағанын айтты.
Көрме алаңында 300-ден аса технологиялық IT компания, 150-ден астам халықаралық және қазақстандық спикерлер қатысып жатыр.
Алаңда стартаптар өздеріне инвестор тапса, инвесторлар өздеріне жақсы жоба таба алады, - дейді Нұрмахан Закарин.
Бұл алаңда тек қазақстандық компаниялар ғана емес. Халықаралық компаниялар Қазақстан нарығына жаңа өнімдерін ұсынғысы келіп отыр.
Қазақстандық компаниялардың ішінде үздік стартаптардың бірі – Higgsfield компаниясы бар. Олар да бүгін осы алаңда. Солардың бәрі келіссөз жүргізіп, инвестор іздейтін болады. Бұл компанияның нарықтық бағасы 1 млрд доллардан асып кеткен, - дейді Закарин.
Сонымен қатар, Astana Hub өкілі Қазақстан қызығып, үлгі алатын бағыттарды айтты.
Бізде кәсіптік бағдар саласы бар. Бұл жақта жасанды интеллект саласындағы стартап жобаларының көмегімен оқушыларға мамандық таңдауды және оқу орнына түсуге көмектесетін болады. Студенттер шетелдік оқу орындарына түсе алады. Әлеуметтік жағынан жақсы дамып келе жатқан салалар бар. Мысалы DronYou, DronIA компаниялары Астана қаласында жұмыс істеп жатыр. Жол апаты болса, дереу сол жерге жетіп полиция қызметкерлерінің жедел жұмыс істеуіне әсер ететін болады. Сонымен қатар, стартап жоба Сарыарқа ауданының әкімдігімен жұмыс істеп жатыр. Олардың басты мақсаты электр қуатын тиімді пайдаланып, үйлестіру болатын. 2025 жылдың соңында сол аудан бойынша жасанды интеллекттің көмегімен 28 пайызға азайған, - дейді Закарин.
Еске салсақ, Орталық Азияны цифрлық хабқа айналдыруға бағытталған форум басталғаны хабарланған болатын.