Қазақстанда UFC турнирін өткізу мәселесі ай соңында нақтыланады
Қазақстанда UFC турнирін 2027-2028 жылдары өткізу мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министрдің айтуынша, жыл басынан бері UFC өкілдерімен бірнеше жұмыс кездесуі өтіп, келіссөздер белсенді түрде жалғасып жатыр.
Айдың соңында UFC турнирін 2027-2028 жылдары өткізуге қатысты қандай шешімге келгенімізді толығырақ жариялаймыз. Барлық жұмыс жүргізілді, оның қорытындысын ай соңында қосымша хабарлаймыз, – деді Ербол Мырзабосынов.
Еске салсақ, бұған дейін Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров бұдан былай Олимпиада ойындарына дайындалған бапкері Алексей Урмановпен жұмыс істемейтінін мәлімдеді. Бапкермен жасалған келісімшарт бұзылып, спортшы жаңа олимпиадалық циклге кірісті.
Тағы оқи отырыңыз: «Ұлттық құраманың нәтижесі көңілімізден шықпайды»: Министр Қазақстан футболындағы жағдайға пікір білдірді