Қазақстанда Telegram жұмысында ақау байқалды
Ақаулар Астана, Қарағанды, Павлодар облыстарында, сондай-ақ Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында жиі байқалған.
Қазақстандықтар жаппай Telegram мессенджерінің жұмысына шағымданып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Detector404 порталының мәліметінше, Қазақстандағы қолданушылар Telegram жұмысындағы ақауларға шамамен сағат 11:25-тен бастап шағымдана бастаған.
Ақаулар Астана, Қарағанды, Павлодар облыстарында, сондай-ақ Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында жиі байқалған.
Шағымдардың 53,5 пайызы iOS қолданушыларына тиесілі. Олар негізінен хабарламалардың келмеуіне және мобильді қосымшаның жұмысындағы ақауларға шағымданған.
Қолданушылар «медиафайлдар жүктелмейді», «желіге қосылмайды», «хабарлама жіберу мүмкін емес» деген мәселелерге тап болғанын жазған.
Бұған дейін жасанды интеллекті арқылы жұмыс істейтін ChatGPT чат-боты бүкіл әлемде істен шыққаны туралы хабарлаған болатынбыз.