Қазақстанда тамыз айында қандай азық-түлік пен тауарлар арзандады?
Картоп 12,3%-ға арзандады: тамыздағы инфляция белгілі болды.
Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы тамызда айлық инфляция шілде айындағы деңгейде сақталып, 0,6% құрағанын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тамыз айындағы азық-түліктің баға өзгерісі
Тамыз айында бағаның негізгі төмендеуі маусымдық жеміс-көкөніс өнімдерінің жекелеген түрлерінде байқалды.
Атап айтқанда, картоп бағасы 12,3%, тәтті бұрыш – 11,9%, қырыққабат – 9,7%, жүзім – 8,0%, пияз – 7,7%, алма – 5,1%, сәбіз – 5,0%, лимон – 4,7%, қызылша – 3,6% төмендеді. Сондай-ақ алмұрт бағасы 1,8%, қияр – 1,5% арзандады.
Тауарлар бағасының төмендеуі
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде пайдаланылған жеңіл автомобильдер бағасы 5,3%, планшеттер – 5,0%, медициналық маскалар – 2,9%, медициналық термометр – 1,9%, электр еттартқыштар мен балалар жөргектері – 0,8% төмендеді.
Айта кетейік, бұған дейін бір апта ішінде Қазақстанда алма, қырыққабат және картоп бағасы төмендегені хабарланды.
Тағы оқи отырыңыз:
Ақтөбеде азық-түлік бағасын негізсіз өсірген 137-ден астам кәсіпкер жауапқа тартылды
Әрбір бесінші зейнеткер күтпеген шығынды өтей алмайды – зерттеу