Қазақстанда тағы бір мамандық иелерінің жалақысы 70%-ға дейін өседі
ТЖМ жаңа үстемақылар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кадр тапшылығын азайтуға ықпал етеді деп отыр.
1 шілдеден бастап Қазақстанда өнеркәсіптік қауіпсіздік инспекторларына 30%-дан 70%-ға дейін қосымша үстемақы төленеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, жаңа шара өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кадрлық әлеуетті нығайтуға және мамандықтың тартымдылығын арттыруға бағытталған.
1 шілдеден бастап өнеркәсіптік қауіпсіздік инспекторларына 30%-дан 70%-ға дейін үстемақы белгіленді. Қабылданған шаралар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кадрлық әлеуетті күшейтуге мүмкіндік береді деп күтілуде, – деді ТЖМ басшысы.
Сонымен қатар болашақ мамандарды даярлау мақсатында ведомство жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты күшейтіп жатыр. Министрлік еліміздің техникалық университеттерімен оқу бағдарламаларына «Өнеркәсіптік қауіпсіздік» пәнін енгізу жөнінде меморандумдарға қол қойған.
Бұған дейін министр Үкімет отырысында Өскемендегі «Қазцинк» зауытындағы жарылыстың алдын ала себебін атады.
Тағы оқи отырыңыз: Қай өңірлердің жұмыс берушілері еңбек жарақатын жиі жасырады?
- Ресей ДДСҰ-ға Иркутскіде оба ауруының тіркелмегенін хабарлады 04:17
- Франция жаңа ядролық зымыранды сынақтан өткізді 03:47
- АҚШ Энергетика министрлігі Brent мұнайының 2027 жылғы бағасына болжамын көтерді 02:35
- 7 қазанға валюта бағамы 01:22
- Шымкентте 150 адамға арналған оңалту орталығы ашылды 00:54
- OpenAI компаниясы ChatGPT жазған мәтінді анықтайтын белгі енгізбек 06.10.2026
- Талдықорғанда 5 жасар қызын қауіпті жағдайда тасымалдаған әке жауапқа тартылды 06.10.2026