11 Қараша 2026, 13:12
Фото: ©BAQ.KZ/Гүлжан Раманқұлова
Қазақстанда шәкіртақы 500 мың теңгеге дейін өседі
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Құрылтайда өткен брифингте докторанттардың шәкіртақысы өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазіргі таңда докторанттар (PhD) ай сайын шамамен 260 мың теңге шәкіртақы алады. Соңғы бес жылда шәкіртақы екі есе көтерілді. Бұл жұмыс жалғасады. 2029 жылға дейін шәкіртақы 500 мың теңгеге дейін көтеріледі. Осындай жоспар бар, - деп айтты ведомство басшысы.
Оның сөзінше, бұл жас ғалымдарға көрсетілген үлкен жеңілдік болмақ.
Оған қоса, Мемлекет басшысының қолдауымен жас ғалымдарға баспана беріліп келеді. Соңғы екі жылдың ішінде 813 жас ғалым баспаналы болды, - деді министр.
Айта кетейік, бұған дейін ғылым саласында 51 млрд теңгеге қаржылық бұзушылық анықталғаны хабарланған болатын.