Қазақстанда неке ең көп тіркелетін айлар мен өңірлер анықталды
Жыл басынан бері Қазақстанда мыңдаған неке тіркелген. Жас жұбайлар үшін жылдың әр кезеңінің өзіндік ерекшелігі бар екені байқалады, деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы.
Қай өңірлерде неке көп тіркеледі?
Корпорацияның баспасөз қызметі мәлім еткендей, «қызықты статистика» айдарында қазақстандықтардың жылдың қай мезгілінде шаңырақ көтеруге көбірек бейім екені және қай ай неке қию бойынша көш бастағаны анықталған.
Некелер саны бойынша алғашқы үштікте Алматы қаласы, Астана қаласы және Түркістан облысы көш бастап тұр.
Қай айда жастар көбірек жұптасады?
Сонымен қатар маусым, шілде, сәуір айлары - неке ең көп тіркелетін айлар екені жарияланды.
Маусым айында - 15 192 неке тіркелсе, шілде айында - 11 674 неке қиылған. Ал сәуір айында - 8 001 жұп некелескен.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда ең көп неке қиылатын күн белгілі болды.
Тағы оқи отырыңыз:
Үйленетіндер саны соңғы 20 жылдағы ең төмен деңгейге түсті
Қазақстанда бес айда некеге мәжбүрлеу бойынша 12 қылмыстық іс сотқа жолданды – ІІМ