13 Қазан 2026, 17:16 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Қазақстанда мәслихат депутаттарын сайлау 29 қарашада өтетін болды

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлау күнін белгіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сайлау 2026 жылғы 29 қарашада өтеді.

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабының 5 тармағына сәйкес Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебаймен консультация өткізгеннен кейін «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлыққа қол қойды.

Орталық сайлау комиссиясына барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, оның дайындығы мен өткізілуін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды қабылдау тапсырылды.

Тағы оқи отырыңыз: Депутаттық корпусты жаңарту мәслихаттардың жұмысын күшейтеді – Қасым-Жомарт Тоқаев