Бүгiн 2026, 12:59 Фото: freepik.com

Қазақстанда күн жылынады

Көктем келді. Енді елімізде күн жылына бастайды.

Синоптиктер Қазақстанда күн жылына бастайтынын болжады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Күнтізбеде көктем болғанына қарамастан, қыс өз орнын оңайлықпен босатар емес. Әсіресе қыс ызғары солтүстік және шығыс өңірлердің тұрғындарына қатты сезілді. Қар мен бораннан кейін бұл аймақтар ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкелген суық антициклонның ықпалында қалды. Дегенмен көктем де өз әсерін көрсете бастады. 12 наурыздан бастап Қазақстанның бүкіл аумағында ауа температурасы біртіндеп көтеріледі деп күтілуде. Солтүстік өңірлерде оң температура байқала бастайды. Ал оңтүстік өңірлерде 14 наурызға қарай термометр бағандары +5…+10°С көрсетеді, - деп хабарлады "Қазгидромет".

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірнеше өңірінде -30 °С аяз болды

Сондай-ақ, синоптиктер наурызда ауа райы қандай болатыны туралы болжамын жариялады.