Қазақстанда геологиялық барлауға салынған инвестиция үш есе өсті – министр
Қазақстанның геологиялық барлау саласына 1 млрд доллардан астам инвестиция құйылды.
Соңғы жылдары Қазақстанның жер қойнауын пайдалану саласына инвесторлардың қызығушылығы айтарлықтай артты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, 2018 жылдан бері геологиялық барлауға салынған инвестиция көлемі үш есеге өсіп, 1 миллиард АҚШ долларынан асты.
Астанада өткен аса маңызды минералдар жөніндегі С5+1 диалогында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев жер қойнауын пайдалану саласында жүргізілген реформалардың нәтижесіне тоқталды.
Министрдің айтуынша, 2023 жылы Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы іске қосылды. Соның арқасында лицензия алудан бастап есептілікке дейінгі барлық үдерістер онлайн форматқа көшірілген.
Ал 2024 жылдан бастап Қазақстан халықаралық CRIRSCO стандарттарын толық көлемде қолдана бастады.
Бұл жер қойнауы жөніндегі есептіліктің ашықтығын қамтамасыз етіп, оны әлемдік тәжірибемен салыстыруға мүмкіндік береді, – деді министр.
Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, қабылданған шаралар инвесторлардың қызығушылығын едәуір арттырған.
2018 жылдан бері геологиялық барлауға салынған инвестициялар үш есеге өсіп, 1 миллиард АҚШ долларынан асты, – деді ол.
Министрдің сөзінше, Қазақстан нарығына Rio Tinto, Barrick Gold, First Quantum, Ivanhoe, Teck, Fortescue және Cove Capital сияқты әлемдік жетекші компаниялар келді.
Бұған дейін Қазақстан АҚШ-тың аса маңызды металдар тізіміндегі 27 позицияны ұсына алатыны айтылған еді.
- Сирия соты Башар Асадты өлім жазасына кесті 16:33
- Шетелдік азамат киімінің астына 70 мың доллар жасырып, ел шекарасынан өтпек болды 16:28
- Қазақстан мен Қытай арасындағы ортақ QR-төлем қалай жұмыс істейді? 16:10
- Мемлекет басшысы Колумбия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады 16:02
- Тазалыққа бастар жол – өзіңнен басталады: Астанада эко-сенбілік өтті 16:00
- Астаналықтар Олимпиада чемпиондарымен бірге 10 мың қадам жүрді 15:51
- «Таза Қазақстанға» 1 миллионнан астам жас қатысты 15:50