Қазақстанда әйелдердің саясатқа қатысуы ер азаматтарға қарағанда шектеулі
Қазақстанда гендерлік алшақтық саяси және экономикалық салада көбірек байқалады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
ОКҚ-да өткен брифингке «Қазақстандық қоғамдық даму инcтитуты» КеАҚ басқарма төрағасының орынбасары Әсем Қайдарова «Қазіргі қазақстандық қоғамдағы гендерлік саясат» зерттеуіндегі өзекті тақырыптарға тоқталды. Ол институт жүргізген қоғамдық зерттеудің қорытындыларын жариялады.
Қазақстан гендерлік теңсіздікпен күрес кезінде үлкен нәтижелерге қол жеткізіп келеді (Gender Gap Index). Еліміз 10 жыл ішінде 2022 жылы алғаш рет 15 позицияға көтерілді. Алайда әлі де болса, айтарлықтай гендерлік алшақтық бар. Әсіресе Қазақстанда алшақтық саяси және экономикалық салада көбірек байқалады. Өйткені біздің қоғамымызда әйелдердің саясатқа қатысуы ер азаматтарға қарағанда шектеулі. Ұзақмерзімді келешекте бұл ұлттық адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігіне әсер етуі мүмкін. Сондықтан бұл мәселеге баса назар аудару қажет, - деді институт өкілі.
Оның мәліметінше, Қазақстанның гендерлік саясатын зерделеу және гендердік теңдікті нығайту бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеу өте маңызды. Гендерлік алшақтың индексінде Қазақстан білім көрсеткіші бойынша алғаш рет жоғары көрсеткішке жетіп, 38 позицияға алға жылжыды.
Отбасылық және гендерлік тұжырымдамасы әйелдердің саяси-экономикалық мүмкіндігін арттыру мақсатында жетілдірілді. Әйелдердің қоғамдағы экономикалық және саяси ұстанамдарын қолдауға мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор басшылығында әйелдер санын 30%-ға дейін арттыруға, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға, гендер тақырыбында ағартуды күшейтуге, ана мен баланы қолдауға басты назар аударылып келе жатыр, - деп айтты Әсем Қайдарова брифингте.
Сонымен қатар Парламенттегі әйелдер, жастар, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 30% квота берілді. Әйелдер үшін тыйым салынатын мамандықтар тізімі жойылды. Бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлеу мерзімін бір жастан 1,5 жасқа дейін ұлғайтылды.