Қазақстанда алқабилердің қатысуымен қаралатын істер екі есе азайды
Қылмыстық заңнамаға енгізілген өзгерістерден кейін Қазақстан Республикасында алқабилердің қатысуымен өтетін істердің саны екі есеге қысқарды.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында алқабилер соттары 68 істі қарады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есеге жуық аз, - деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.
Қылмыстық кодекске енгізілген түзетулерден кейін алқабилер қараған істер саны екі есе қысқарды (130-дан 68-ге дейін).
Сонымен бірге айыппұл және қоғамдық жұмыстар түріндегі жазалар жиі қолданыла бастады – 22,9% (2025 жылы 21,8%)", – делінген баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.
Сондай-ақ сот мәліметтері бойынша, медиацияға келетін істердің 47,6%-ы тараптардың татуласуымен аяқталған.
Жоғарғы сот бұл көрсеткіштер татуластыру тетіктерінің, соның ішінде медиация мен дауларды сотқа дейін реттеудің басқа да тәсілдерінің тиімділігін айғақтайды деп есептейді.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Жоғарғы Соттың төрағасын тағайындады.