Қазақстанда алғаш рет ракқа қарсы дәрі жасалды
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда алғаш рет қатерлі ісікке қарсы дәрінің жасалғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ол танымал биотехнолог Дос Сарбасов Қазақстанға оралғанын айтады.
Ғалым Техас университетінің Андерсон зертханасында жұмыс істеді. Бірнеше жылдан бері Назарбаев университетінің ұлттық зертханасын басқарады. Қазіргі таңда онкологияға қарсы жаңа препараттарды шығарумен айналысып жатыр, - деді ведомство басшысы.
Саясат Нұрбектің айтуынша, бүгінгі таңда Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында 15 адам қазақстандық препаратпен емделіп жатыр.
Біз бірден 4-5 жыл үнемдеп, үшінші кезеңге көштік, жақын арада ісікке қарсы дәріміз шығады, - деді министр.
Бұған дейін Саясат Нұрбек "Астанада жер сілкінісі болуы мүмкін бе?" деген сауалға жауап берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Атырауда қасапшының сібір жарасын жұқтырғаны расталды
Өзгелердің жаңалығы