Қазақстанда 800 мың киік атылады – министрлік неге сүйенгенін айтты
800 мыңға жуық бас киікті табиғи ортадан алу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен баспасөз брифингінде Экология министрі Ерлан Нысанбаев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министрдің айтуынша, ғылыми зерттеулер нәтижесі қазіргі уақытта республика аумағындағы киік санын реттеу қажеттігін көрсеткен.
Ғылым өкілдері жалпы популяцияның 20 пайызын реттеуді ұсынып отыр. Қазіргі таңда ресми есеп бойынша еліміздегі киіктердің саны – 3,9 миллион. Оның ішінде 2,3 миллионы – Орал популяциясы, 1,6 миллионы – Бетпақдала популяциясы, ал 78 мыңы – Үстірттегі киіктер, – деді Ерлан Нысанбаев.
Реттеу көлемі шамамен 800 мың басқа тең. Министрдің сөзінше, алынатын киіктердің 40 пайызы – еркек, 40 пайызы – ұрғашы, ал 20 пайызы – биыл туған төлдер.
Еске салайық, бұған дейін Тоқаев Қытайға 1,5 мың киік беретіні айтылды. Министр 1,5 мың киік Қытайға қалай көшірілетінін де атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мәжіліс жаңа Салық кодексіне енгізілген түзетулермен келісті
Келесі жаңалық
Біз тың мүмкіндіктерді барынша пайдалануымыз керек – Тоқаев
Өзгелердің жаңалығы