9 Қазан 2026, 16:15 Фото: BAQ.KZ коллажы

Қазақстанда 339 млрд теңгеге жуық цифрлық теңге айналымға шығарылды

Қазақстанда бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау үшін цифрлық теңгені енгізу және қолдану жұмыстары жалғасып жатыр. Қазірдің өзінде айналымға 339 млрд теңгеге жуық цифрлық теңге шығарылып, түрлі бағыттар бойынша 20-дан астам пилоттық жоба жүзеге асырылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, цифрлық теңге – қолма-қол және қолма-қол ақшасыз ақшамен қатар ұлттық валютаның үшінші нысаны.

Цифрлық теңге платформасының құқықтық мәртебесі мен оның жұмыс істеу тәртібі заңнамалық тұрғыдан бекітілген.

Қазір айналымға шамамен 339 млрд цифрлық теңге шығарылды. Мемлекеттік сатып алу, инфрақұрылымдық жобалар, субсидиялау және салықтық әкімшілендіруді қоса алғанда, түрлі бағыттар бойынша 20-дан астам пилоттық жоба іске асырылды, – деді Әсет Тұрысов.

Қазіргі уақытта цифрлық теңгені қолдану аясын кеңейту және платформаға жаңа қатысушыларды қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жобаны ауқымды түрде енгізу үшін бюджеттің 8 ерекшелігі айқындалған.

Қаржы вице-министрінің айтуынша, цифрлық теңгені пайдалану бюджет қаражатының қозғалысын ашық бақылауға және оның мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Еске салайық, бұған дейін цифрлық теңге қаржы жүйесін қалай өзгертетіні хабарланды.

Тағы оқи отырыңыз:

Цифрлық теңге: қаржылық еркіндік пе, әлде толық бақылау ма?

Тоқаев: Цифрлық теңгені қолдану аясын кеңейту қажет

Ұлттық банк 270 миллиардты цифрлық теңгеге аударды. Бұл қазақстандықтар мен бизнеске қалай әсер етеді?