Қазақстанда 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынады – Жаңа мәліметтер
Тиісті түзетулер пакеті әзірленген.
Қазақстанда 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта бұл норма үкіметте талқылануда.
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетовтың журналистерге тиісті түзетулер пакеті әзірленіп қойғанын айтты. Оған балалардың онлайн-платформаларға қолжетімділігін шектеуді көздейтін нормалар енді.
16 жасқа толмаған балалардың тіркелуін шектеу туралы норма бар. Механизмдері әлі нақтыланған жоқ, яғни біз қазір бұл норманы заңға саналы түрде енгізіп жатырмыз. Бұл мемлекеттік органдармен талқылануда. Бұл заң жобасы Парламентке әлі түскен жоқ. Сондай-ақ, онда мен айтып өткендей, онлайн-коучтар мен психологтардың қызметіне қатысты «реттеуші» нормалар да бар. Егжей-тегжейі туралы айту ерте, өйткені біз қазір мемлекеттік органдармен келісу кезеңіндеміз. Қазір ол үкіметте жатыр. Енді бұл нормаларды жаңа Парламент алаңында, Құрылтай алаңында талқылайтын боламыз, - деді Кочетов үкімет кулуарында.
Вице-министр әлеуметтік желілерді шектеу туралы норманы "трендтегі" үрдіс деп атап, мұндай тыйымды алғашқылардың бірі болып енгізген ел Австралия екенін еске салды.
Қазір бірқатар еуропалық елдер бұл сала бойынша заңнаманы қарастырып жатыр. Менің білуімше, бес еуропалық мемлекет. Жалпы, Еуропарламент мұны ұлттық заңнамаға енгізуді ұсынды. Сондықтан біз бұл мәселеде бекембіз, бұл норманың қажет екеніне сенімдіміз. Бұл бағытта тек Қазақстан ғана емес, жұмыс істеп жатқан барлық озық елдердің де осылай ойлайтыны өте жақсы, - деп толықтырды Евгений Кочетов.
Вице-министр қазақстандық әзірлеушілер әлеуметтік желілерге тыйым салуды дәл 16 жасқа толмаған балалар үшін енгізу керек деген пікірді ұстанып отырғанын атап өтті.
Бұл біздің идеямыз болатын. Мәселе мынада: жасы кішірек балалар үшін әртүрлі онлайн-платформалардың басында-ақ шектеу қоятын өз ішкі алгоритмдері болған. Яғни, жасы кіші балалар бойынша қандай да бір шаралар жұмыс істеп тұр. Олар мінсіз жұмыс істейді деп айта алмаймын. Қателіктер де болып тұрады, бірақ біз қазір бәрібір 16 жасқа толмаған балалар туралы айтып отырмыз. Тағы бір өте маңызды сәт - әңгіме жаңадан тіркелетін пайдаланушылар туралы болып отыр. Яғни, дәл әлеуметтік желілерде жаңа пайдаланушыларды тіркеу туралы, - деп түсіндірді ол.
Әлеуметтік желілерде аккаунты бар балалар оны әрі қарай да пайдалана бере алады дегенді білдіре ме деген сұрақ та нақтыланды.
Егер бұл мәселе қабылданатын болса, оны заңға тәуелді актілер деңгейінде қалай реттеуге болатынын қарастырамыз, ойланамыз. Әртүрлі тәсілдер бар, біз қазір басқа елдердің бұл саланы қалай үйлестіріп жатқанын көріп отырмыз. Мысалы, Австралияның тәжірибесі сәл де болса өз мақсатына жетпеген сияқты. Өйткені австралиялық әріптестер қолданған механизм дербес деректерді ұсынбай-ақ жұмыс істеді. Турасын айтқанда, тіркелу кезінде құжаттарды растау қажет болмаған. Тек бет-әлпетті анықтау арқылы бұл шынымен бала екенін тексеретін верификация болды. Бұл механизм іске аспады, оған қоса олар ата-аналарының аккаунттарын пайдалана бастады, сол арқылы желіге шықты. Біз қандай жолмен жүреміз? Әзірге білмейміз, - деді Кочетов.
Оның айтуынша, бұл мәселе әлі де талқылануда және басқа елдердегі заңның қолданылу тәжірибесі ескерілуде.
Дайын заң жобасын Қазақстанның жаңа Парламенті - Құрылтай қарастыратын болады.
Біз бұған дейін Қазақстанда балалардың әлеуметтік желіге кіруіне шектеу қойылуы мүмкін екенін жазған едік.
Тағы оқи отырыңыздар:
Литвада 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіге кіруге тыйым салынуы мүмкін
Балалардың әлеуметтік желіге кіруіне тыйым салу дұрыс па?
Австралия 5 млн баланың аккаунтын өшірді