Бүгiн 2026, 17:09 Фото: freepik

Қазақстан Таяу Шығыстағы жеті елге сәлемдемелер жіберуді уақытша тоқтатты

Өңірдегі жағдайдың күрт ушығуына байланысты халықаралық пошта жөнелтілімдеріне уақытша шектеулер енгізілді. 

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Иран, Ирак, Сауд Арабиясы, БАӘ, Қатар, Иордания және Израильге халықаралық әуе пошта жөнелтілімдерін қабылдау уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Иран, Ирак, Сауд Арабиясы, БАӘ, Қатар, Иордания және Израильдің пошта операторлары халықаралық әуе поштасын қабылдау мен өңдеуді тоқтатқаны туралы хабарлады, - делінген "Қазпошта" хабарламасында.

Бұл іс жүзінде Қазақстаннан аталған елдерге сәлемдемелер мен хаттарды жіберудің уақытша мүмкін еместігін білдіреді.

Компанияның мәліметінше:

  • пошта жөнелтілімдерінің барлық түрлерін қабылдау уақытша тоқтатылды;

  • шектеулер арнайы өкім шыққанға дейін күшінде болады;

  • әуе поштасы қабылданбайды және өңделмейді.

Қабылдаудың қашан қайта басталатыны әзірге белгісіз.

Еске салайық, бұған дейін рейстер кешігуі мүмкін екенін хабарлаған Астана әуежайы жолаушыларға үндеу жасаған болатын.