2 Қыркүйек 2026, 20:25 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Қазақстан шахматшылары әлемдік рейтингте: Жеті спортшымыз ТОП-100 тізіміне енді

FIDE деректері бойынша қыркүйек айының қорытындысы бойынша бірден жеті қазақстандық шахматшы әлемнің ең мықты спортшыларының жүздігіне енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан өкілдерінің арасында ең жоғары сатыға Бибісара Асаубаева тұрақтады. Гроссмейстер 2 536 рейтингтік ұпай жинап, бесінші орынды сақтап қалды.

Үздік жүздікке енген басқа да шахматшылар:

  • Алуа Нұрман – 22-орын, 2 455 ұпай;

  • Меруерт Камалиденова – 37-орын, 2 413 ұпай;

  • Ксения Балабаева – 58-орын, 2 384 ұпай;

  • Лия Құрманғалиева – 77-орын, 2 361 ұпай;

  • Әмина Қайырбекова – 83-орын, 2 355 ұпай;

  • Елназ Қалиахмет – 94-орын, 2 347 ұпай.

Ең елеулі серпілісті 20 жастағы Ксения Балабаева жасады. Бір айдың ішінде ол 59 ұпай қосып, рейтингін 2 325-тен 2 384-ке көтерді және 58-ші орынға жайғасты.

15 жастағы Елназ Қалиахмет алғаш рет әлемдік жүздікке енді. Қазақстандық спортшы тағы 43 ұпай жинап, көрсеткішін 2 304-тен 2 347-ге көтерді.

Алуа Нұрман мен Меруерт Камалиденова өз позицияларын жақсартты. Нұрман 24-орыннан 22-орынға, ал Камалиденова 46-орыннан 37-орынға ауысты.

Еске салайық, бұған дейін Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы беделді шахмат турнирінде үздік бестікке енгені хабарланды

2026 жылғы 29 маусымда Бибісара Асаубаева ІІ дәрежелі «Барыс» орденін алған болатын.

Ал оған дейін шахматшы жалақысының қысқарғанын айтып, Тоқаевтан көмек сұраған еді.

Тағы оқи отырыңыз: 

Kazakhstan vs World: Қазақстанның жас шахматшылары әлем құрамасымен бақ сынады

Алматыда студенттер арасындағы тұңғыш FIDE командалық әлем чемпионаты басталды

Әлемге әйгілі шахматшы президент болудан бас тартты