Қазақстан Президентін Қырғызстанда салтанатты түрде қарсы алды
"Ынтымақ Ордо" резиденциясында Қырғыз Республикасына ресми сапармен келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Президенттер бір бірімен амандасқаннан кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров сап түзеген сарбаздардың алдынан жүріп өтті, - делінген Ақорда ақпаратында.
Бұдан кейін мемлекеттер басшылары ресми делегация мүшелерін таныстырып, келіссөз залына барды.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары "Ата бейіт" ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етуден басталғанын хабарладық.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Оқу жылы қарсаңында пәтер жалдау бағасы қымбаттады
Өзгелердің жаңалығы