16 Қыркүйек 2026, 14:30 Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Central Asia – Korea Future Generation бағдарламасын қабылдауды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Central Asia – Korea Future Generation бағдарламасын қабылдауды ұсынды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысы саммитке қатысушы елдердің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуда айтарлықтай табысқа жеткеніне назар аударды. 

– Елдеріміздің арасында тарихтан тамыр тартатын бауырластық байланыстар қалыптасқан. Бұл ретте өңірдегі мемлекеттер халқымен біте қайнасып кеткен корё-сарам қауымы айрықша рөл атқарады. Корей диаспорасы Орталық Азия мен Корея арасындағы достыққа дәнекер болып отыр. Қазақстан елімізде пана тауып, өсіп-өнген корей халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін сақтауына ерекше қамқорлық көрсетті. Келесі жылы корейлердің Орталық Азияға жер аударылғанына 90 жыл толады. Осыған орай тарихи уақиғаға арналған іс-шара ұйымдастыруды ұсынамын. Жастардың өзара байланысын, білім және мәдениет саласындағы ықпалдастық мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған Central Asia – Korea Future Generation бағдарламасын қабылдау қажет деп санаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Саммите Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёң, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев сөз сөйледі.

Еске салайық, бұған дейін Президент бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитіне қатысқаны хабарланды

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чо Чжон Шик Ханган саябағындағы қазақ этноауылын аралады.

Мемлекет басшысы Кореямен ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын атады