Қазақстан полициясының жұмысына ЖИ технологияларын енгізіледі
ІІМ-де Премьер-Министрдің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиевтің, Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің, Президент Әкімшілігі, құқық қорғау және арнайы органдардың, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ мен "ҰАТ" АҚ өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Кеңес барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тиімділігін арттыруға бағытталған цифрлық шешімдерді одан әрі дамыту, ішкі істер органдарының қызметіне жасанды интеллект технологияларын енгізу және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелері талқыланды.
Ішкі істер органдарындағы басқарудың заманауи моделінің негізгі элементіне айналып келе жатқан жедел басқару орталықтарын аудандық деңгейге дейін дамытуға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ көші-қон бақылауының тиімділігін арттыруға бағытталған цифрлық шешімдер қаралды.
Жаслан Мадиев цифрлық шешімдер мен ведомствоаралық өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтіп, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, таныстырылған цифрлық жобаларды одан әрі дамыту және іске асыру бойынша жұмысты қамтамасыз етуді тапсырды.
Ішкі істер министрі Ержан Саденов цифрландыру мен жасанды интеллект Мемлекет басшысы қойған міндеттер аясында заңдылықты нығайту және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің практикалық құралына айналып отырғанын атап өтті. Ішкі істер органдарын цифрлық трансформациялау жұмыстары мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жалғасын табатын болады.