Қазақстан оқушылары халықаралық олимпиадаларда 1 067 медаль жеңіп алды
Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Құрылтайдағы Үкімет сағатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстандық оқушылар халықаралық білім додаларында жоғары нәтиже көрсетіп келеді. 5 мыңнан астам оқушы 44 халықаралық олимпиада мен ғылыми байқауға қатысып, 1 067 медаль және 57 арнайы марапат иеленді.
Министрдің дерегінше, жеңіп алынған медальдардың 204-і – алтын, 356-сы – күміс, 507-сі – қола.
Ауыл оқушыларының да республикалық олимпиадаларға қатысу белсенділігі артып келеді. Олардың саны 125 мыңға жетіп, жүлдегерлер қатары он есе өскен.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының қолдауымен халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен оларды дайындаған педагогтерге ақшалай сыйақы төленеді.
Тағы оқи отырыңыз: Әлемдік білім рейтингінде Қазақстан нешінші орында? Оқушыларымыздың қай көрсеткіші таңғалдырды?